"Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчтан кейін өз ойын айтты.
17 жастағы футболшы Глазгода “Селтикке” қарсы (0:0) кездесу соңынан әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырды. Ол ойыннан бірнеше сурет жариялап:
“Топ атмосфера. Альхамдулиллах”, – деп жазды.
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойын Шотландияның Глазго қаласында өтіп, күтпеген нәтижемен аяқталды — 0:0. Енді жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.
Дастан Сәтпаев матчтың қосымша уақытында сары қағаз алып, жазалаушы лимитті толтырды. Соның салдарынан ол Алматыдағы маңызды ойынды өткізіп алады.