
"Ақтөбе" жаттықтырушылар құрамына жаңа маман шақырды. Болгариялық Иоанн Атанасчев енді команда бас бапкері Николай Костовтың көмекшісі қызметін атқарады,
“Ақтөбе” ФК ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Иоанн Атанасчев бұған дейін Болгария жастар және әйелдер құрамасында жаттықтырушы-эксперт қызметін атқарған. Соңғы жылдары ол Болгарияның әйгілі “Левски София” клубында жұмыс істеді.
Айта кетейік,”Ақтөбе” тізгінін 13 тамызда Николай Костов алған болатын. Ол да бұған дейін “Левски София” командасында бас бапкерлік еткен. Енді екі болгар маманы Қазақстанда бірлесіп жұмысын жалғастырады.