Чемпиондар лигасынан шеттетілген Дастан Сәтпаев мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайрат" клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчтан кейін өз ойын айтты. 

Чемпиондар лигасынан шеттетілген Дастан Сәтпаев мәлімдеме жасады
sports.kz

“Топ атмосфера. Альхамдулиллах”

17 жастағы футболшы Глазгода “Селтикке” қарсы (0:0) кездесу соңынан әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырды. Ол ойыннан бірнеше сурет жариялап:

“Топ атмосфера. Альхамдулиллах”, – деп жазды.

Глазгодағы сенсация және Алматыдағы жауапты матч

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойын Шотландияның Глазго қаласында өтіп, күтпеген нәтижемен аяқталды — 0:0. Енді жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Сәтпаевтың шеттетілуі

Дастан Сәтпаев матчтың қосымша уақытында сары қағаз алып, жазалаушы лимитті толтырды. Соның салдарынан ол Алматыдағы маңызды ойынды өткізіп алады.