Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Селтик" — "Қайрат" матчы: жас қақпашы Шерхан Қалмұрза жанкүйерлерге үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
21.08.2025, 22:38

Шотландияда өткен "Селтик" – "Қайрат" (0:0) ойынында 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаның бейнесі әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. 

instagram/@kallmurza
Реклама
Реклама

Матчтағы күтпеген сәт

Кеше өткен кездесуде "Қайраттың" негізгі қақпашысы жарақат салдарынан алаңға шыға алмады. Оның орнына тәжірибелі қақпашы Темірлан Анарбеков ойынды бастап шыққан еді. Бірақ бірінші таймда ол да жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінді. Осы кезде режиссер камераны алаң шетінде отырған жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға бұрып, оның толқыған сәтін бүкіл әлемге көрсетті.

Жас спортшының жүзінен қобалжу мен алаңға шығуға деген ыстық ықылас анық байқалды. Ол 56 мың жанкүйердің алдында өнер көрсетуге дайын екенін кейін мойындады.

Әуежайдағы алғашқы сұхбат

Алматыға оралған Шерханды жанкүйерлер ерекше ықыласпен қарсы алды. Көпшілігі оны мемге айналған эмоциясы жайлы сұраққа басты.

Ол болса жағдайды былай түсіндірді:

"Темірлан ағамыз жарақат алған сәтте алаңда қалу мүмкіндігі туындағандай болды. Бірақ қорқыныш болған жоқ. Кез келген сәтте алаңға шығуға дайынмын. Біз күн сайын жаттығып, әр ойынға дайын боламыз. Өзін сенімді сезінген спортшы ешқашан жасқанбайды. Сол ойда болдым", – деді Қалмұрза.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары