Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Абат Айымбетов мансабын Иранда жалғастырады

Сарапшы, спорт журналисі
06.09.2025, 15:10

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов өз мансабын Парсы шығанағында жалғастыруға шешім қабылдады. 30 жасқа толған футболшы Иранның беделді клубы «Персеполиске» ауысқалы тұр.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

kazakh_football_inside дерегінше, Айымбетов жақын күндері Тегеранның «Персеполис» клубының ойыншысы атанады. Қазіргі таңда ұжым Иран чемпионатында алтыншы орында келеді және жаңа маусымда жүлделі орындарға таласуды көздеп отыр.

Футболшыға бұған дейін бірнеше клуб қызығушылық танытқан. Legalbet.kz мәліметінше, Ливияның бір командасы ресми байланысқа шыққан. Бұған қоса, Айымбетовтің агенті Траян Гергишан арқылы Ирак клубтарынан да ұсыныстар түскен.

Еске сала кетсек, Түркиядағы келісімі аяқталған соң, қазақстандық шабуылшы еркін агент атанған еді. Оған Қазақстан клубтарынан да ұсыныстар болған, алайда ол мансабын шетелде жалғастыруға бел буды.

Статистика мен тәжірибе

Айымбетов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 45 матч өткізіп, 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Клубтық деңгейде «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» сапында ойнап, соңғы бір жарым маусымды Түркиядағы «Адана Демирспор» жейдесінде өткізді. Өткен маусымда ол 27 ойынға қатысып, 5 гол соқты.

Transfermarkt порталының дерегінше, шабуылшының қазіргі нарықтық құны – 450 мың еуро.

Айта кетейік

Абат Айымбетов үшін «Персеполиске» ауысу – мансабындағы жаңа кезең. Иран лигасы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді, ал «Персеполис» аймақтағы ең беделді клубтардың бірі саналады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары