Атақты ойыншы бір аптадан кейін 41 жасқа толады.
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти футболшыны жасына қарай бағалау маңызды емес деген сыңай танытты. Осы ретте ол Тиаго Силваның тәжірибесі мен формасын атап өтіп, әлі де ұлттық құрамаға қажет болуы мүмкін екенін жасырмады.
«Мен оны жақсы білемін. Ол менің қол астымда “Милан” мен “ПСЖ”-да ойнады. Жақында да сөйлестік. Мен ешқашан ойыншының жасына қарамаймын. Егер Тиаго Силва біреуден мықты болса, оны шақыруға еш кедергі жоқ. Өткен маусымда “Реалда” 40 жасқа толған Модрич ең үздіктердің бірі болды. Ал 2007 жылы мен “Миланмен” Чемпиондар лигасын жеңгенде, капитан Мальдини 40 жасында еді», – деді Анчелотти.
Тиаго Силва Бразилия құрамасы сапында соңғы рет 2022 жылы алаңға шықты. Соңғы маусымдарда ол жоғары деңгейде өнер көрсетіп, физикалық дайындығы әлі де мықты екенін дәлелдеп жүр.
Анчелоттидің бұл пікірі футболда тәжірибенің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Қазіргі таңда Бразилия құрамасында жас таланты мол болғанымен, Тиаго Силва секілді лидерлердің тәжірибесі кез келген ірі турнирде шешуші рөл ойнауы мүмкін.