
Осылайша арена аймақ спортының дамуына серпін беріп, әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдайтын орталыққа айналғалы тұр.
Қызылорда қаласында халықаралық стандартқа сай, 11 мың көрерменге арналған жаңа Орталық стадион құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысан аймақ спортының дамуына серпін беріп, әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік жасайды.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс барысын арнайы бақылап, мердігер компания мен жауапты басқарма өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын стадион УЕФА талаптарына сәйкес салынуда. Арена тек футбол матчтарын ғана емес, бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастика сияқты түрлі спорт түрлерінің дамуына жол ашады.
Стадионның ішкі құрылысы жан-жақты ойластырылған:
Бұған қоса, фитнес орталықтары мен заманауи жабдықталған залдар спортшылардың кәсіби деңгейде дайындалуына жағдай жасайды.
11 мың жанкүйерге арналған бұл стадион – тек футболдың емес, жалпы спорт мәдениетінің орталығына айналмақ. Енді қызылордалықтар әлемдік деңгейдегі жарыстарды өз қаласында тамашалау мүмкіндігіне ие болады.