Transfermarkt сайты Ресей Премьер-Лигасында ойнайтын футболшылардың жаңа құнын жариялады. Бұл өзгерістер Қазақстан құрамасының ойыншыларына да әсер етті.
Мәскеудің «Динамо» клубында ойнайтын жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов трансферлік бағасында 200 мың еуро жоғалтып, қазір 2,8 миллион еуроға бағалануда.
Санкт-Петербургтің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп те құнын төмендетті. Ол 500 мың еуроға арзандап, қазіргі бағасы 2,5 миллион еуро болды.
Грозныйдың «Ахмат» клубында ойнайтын шабуылшы Максим Самородов 700 мың еуроға қымбаттап, құны 2,5 миллион еуроға жетті. Осылайша ол Нұралы Әліппен бір деңгейге шықты.
Аталған үш футболшы да Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. Қыркүйек айындағы әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңінде біздің команда екі рет жеңіліп, жарысты ерте аяқтады:
Бұл нәтижелерден кейін ұлттық құраманың чемпионатқа шығу мүмкіндігі жойылды.