Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қызылорда Арена»: Неге жаңа стадион Еурокубок матчтарын қабылдай алмайды?

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 14:59

Қызылорданың жаңа стадионы жанкүйерлерді қуантқанымен, «Қызылорда Арена» УЕФА-ның 4-санат талабына сай емес екені белгілі болды. 

Offside.kz
Реклама
Реклама

Қызылордада салынған заманауи «Қызылорда Арена» жанкүйерлерді қуантқанымен, стадион УЕФА талаптарына сай болмай шықты. Яғни нысан Еурокубоктардың топтық кезеңдерін өткізе алмайды. Бұл туралы goalkz_official Инстаграм парақшасы хабарлады. 

УЕФА-ның 4-санаттағы стадион үшін қоятын талаптары өте қатаң. Бұл деңгейге жетпеген нысан еурокубоктың плей-офф немесе топтық кезең матчтарына қабылданбайды.

Фото: Offside.kz

Міндетті шарттар:

  • Сыйымдылығы: кемінде 8 000 жеке орындық.
  • Жарықтандыру: 1400 люкс, біркелкілік коэффициенті 0.7-тен төмен болмауы керек, 4К/HD трансляцияға дайын болуы шарт.
  • Энергия: жарық өшкен жағдайда 8–10 секунд ішінде қайта қосылуы тиіс.
  • Инфрақұрылым: VAR және goal-line технологиясы, автоматты суару мен дренаж жүйесі.
  • Жаттықтырушы бөлмелері: кемінде 4 киім ауыстыру бөлмесі, дәрігерлік және қалпына келтіру аймақтары.
  • БАҚ үшін жағдай: пресс-орталық, микст-зона, конференц-зал және 75 орындық комментаторлық сектор.
  • Жанкүйерлер үшін: VIP ложалар, мүгедектерге арналған орындар, қауіпсіздік жүйелері.

Алайда «Қызылорда Арена» бұл тізімнің бірнешеуінен қалыс қалған. VAR жүйесі жоқ, жарықтандыру деңгейі талапқа сай емес, ал комментаторлық орындар саны жеткіліксіз. Сондықтан стадион тек 3-санаттағы нысан ретінде тіркелді.

Егер бастапқыда талаптар толық сақталғанда, Қызылордада да Еуропа Лигасы немесе Чемпиондар Лигасының топтық ойындарын тамашалауға мүмкіндік туар еді.

Айта кетейік

«Қызылорда Арена» — аймақ спорты үшін үлкен серпіліс. Арена тек футбол матчтарын ғана емес, бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастика сияқты түрлі спорт түрлерінің дамуына жол ашады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары