
Танымал футболшы жуырда ғана "Астанаға" қарсы ойында алаңнан қуылған еді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Асхат Тағыберген әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады. “Тобыл” футболшысы достардың қолдауына ештеңе де жетпейтінін айтып, құрметін білдірді. Сонымен қатар, «А8» келетін қонақтарына үлкен алғысын жеткізді.
«А8» — тек қана мейрамхана емес, достар бас қосып, жанұялық шаралар өтетін орынға айналды. Әрбір қонақты ерекше күтіммен қарсы алу — ұжымның басты қағидасы», – деп жазды футболшы.
Танымал спортшылардың мұнда жиі келуі — сенім мен сапаның көрсеткіші. Бұл да «А8 Отбасы» ұжымының еңбегінің бағалануы. Бейнежазбадан ұлттық құрама ойыншыларының, оның ішінде Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтпаев, Ғалымжан Кенжебектің дастарқан үстінде бас қосып, емен-жарқын әңгімелесіп отырғанын байқауға болады.
Жуырда “Тобыл” ойыншысы Асхат Тағыбергенге қатысты дау туған еді. ҚПЛ-дың кезекті туры аясында “Астанаға” қарсы ойында танымал футболшы дөрекі ойын үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.