Реклама
Реклама

Сәтпаев шоу жасады: «Қайрат» қайтадан көш бастады

Сарапшы, спорт журналисі
22.09.2025, 20:02

Алматының «Қайраты» елордалық «Жеңіспен» кездесіп, жанкүйерлерге тартысты ойын сыйлады.

instagram/@f.c.kairat

Матч барысы

Алматылықтар бірінші таймда толық үстемдік танытты. 12-минутта Дастан Сәтпаев қашықтан шірене соққы жасап, есеп ашты. Ал 37-минутта  қақпашымен жеке шығып, дубль авторы атанды.

Екінші тайм басында «Жеңіс» қарымта шабуылмен жауап берді. Адилионың пасынан кейін Исламбек Қуат баспен гол соғып, есепті қысқартты. Дегенмен 80-минутта Александр Мрынскийдің пасын Рикардиньо голға айналдырып, кездесуге нүкте қойды — 3:1.

Турнирлік жағдай

Бұл жеңістен кейін «Қайраттың» еншісінде 52 ұпай бар. Алматылықтар турнир кестесінде көшбасшылықты қайтарып, басты қарсыласы «Астанадан» екі ұпайға озып шықты. Ал «Жеңіс» 31 ұпаймен турнир кестесінің ортасында қалып отыр.

Реклама
Реклама