Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қайраттың" қазақстандық футболшысы отбасы құрды

Сарапшы, спорт журналисі
22.09.2025, 12:30

«Қайрат» футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді.

"Қайраттың" қазақстандық футболшысы отбасы құрды
Сүрет: спортшының инстаграм-парақшасы

Оның сүйіктісі – 21 жастағы Айнұр.

Естеріңізге сала кетейік, Дамир 2023 жылы Парижде, Эйфель мұнарасының түбінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, көпшіліктің жүрегін елжіреткен болатын. Енді міне, сол арманды қадам некеге ұласты.

Өзінің клубымен КФФ да құттықтау жолдады

«Қайрат» клубы мен Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желідегі бірлескен жазбасында:

«Ізгі тілектерімізді білдіреміз! Бақыт пен береке тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын!» – деп құттықтау жолдады.

Дамир Қасаболат – «Қайрат» клубының түлегі. Ол биыл командасымен бірге Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Сонымен қатар 2025 жылдан бастап Қазақстан құрамасының жейдесін киіп жүр. Ұлттық құрама сапындағы дебютін Уэльске қарсы ойында өткізген. Биылғы маусымда жартылай қорғаушы 31 матчқа қатысып үлгерді. Чемпиондар лигасындағы «Спортингке» қарсы ойында 75 минут алаңда болып, Sofascore бағамы бойынша 6.3 ұпай алды. Осылайша, Қасаболат футболдағы табыстарымен қатар, жеке өмірінде де жаңа белеске көтерілді. Жанкүйерлер мен клуб өкілдері жас жұбайларға бақыт тілеп, жылы лебіздерін жеткізуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір