Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

«Алтын доп – 2025»: Үздік ойыншы жүлдесі кімге бұйырады?

Бүгін, 22 қыркүйектен 23-іне қараған түні Парижде маусымдағы басты жеке футбол жүлдесі – «Алтын доптың» жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтеді.

«Алтын доп – 2025»: Үздік ойыншы жүлдесі кімге бұйырады?
Коллаж: ашық дереккөздерден

Еске салайық, бұл сыйлық француздың France Football журналының бастамасымен 1965 жылдан бері табысталып келеді. Соңғы ережелерге сәйкес, сарапшылар футболшылардың ойынын күнтізбелік жыл үшін емес, маусым бойынша бағалайды: 2024 жылдың 1 тамызынан 2025 жылдың 13 шілдесіне дейінгі кезең.

«Алтын доп – 2025»: Үздік ойыншы жүлдесі кімге бұйырады?

Кім басты фаворит?

Өткен маусымда ұлттық құрамалар арасындағы ірі құрлықтық турнирлер (Әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Америка кубогы) өтпегендіктен, шешуші фактор ретінде Чемпиондар лигасындағы жеңіс саналуы мүмкін.

Еуропаның басты клубтық турнирінде өткен маусымда жеңіске жеткен – «Пари Сен-Жермен», сондықтан оның ойыншылары басты үміткерлер қатарында аталады.

Сонымен қатар марапаттаудың медиялық қыры да үлкен рөл атқарады. Мұнда артықшылық «Барселонаның» жұлдыздарында. Оның үстіне, каталондық клуб ішкі турнирлердің бәрін жеңіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.

Opta Analyst порталының пайымдауынша, басты үміткер – «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле. Дәл осындай пікірді Goal.com басылымы да қолдайды.

Алайда БАҚ-та «Барселона» вингері Ламин Ямал жеңісіне соншалық сенімді болғаны сонша, ол марапаттау салтанатына отбасын ертіп әкеліп жатыр деген ақпарат тарады.

Жалпы алғанда, «Алтын доп – 2025» жүлдесіне 30 футболшы үміткер атанды:

«Алтын доп»: жанжалдар мен рекорд иелері

«Алтын доп»: жанжалдар мен рекорд иелері

Өткен жылғы марапат қарсаңында басты фаворит «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор саналған еді. Бірақ нәтиже бойынша жеңімпаз «Манчестер Ситидің» жартылай тіреуіш қорғаушысы Родри болды.

Мадридтік «Реал» мұндай шешімге қарсы шығып, салтанаттан шығып кетті және әлеуметтік желілерде марапатқа қарсы науқан жүргізді.

Ал 2025 жылғы салтанатқа «ПСЖ» келе алмайды – Франциядағы қатты нөсерге байланысты олардың чемпионаттағы матчы дәл осы уақытқа шегерілген. Бірақ бұл Дембеле үшін кедергі емес – ол жарақатын емдеп жүргендіктен, бәрібір Марсельдегі ойынға қатыспайды.

Айта кетейік, «Алтын допты» ең көп иеленген футболшы – аргентиналық Лионель Месси (8 рет). Екінші орында – португалиялық Криштиану Роналду (5 рет).

Салтанатты марапаттау рәсімінің тікелей трансляциясы

«Алтын доптың» 69-шы марапаттау рәсімі 22 қыркүйек күні сағат 23:50-де (Қазақстан уақытымен) Париждегі «Шатле» театрында басталады. Қазақстан аумағында рәсімді ресми түрде тікелей эфирде көрсететін құқық иесі – «Окко» порталы.

Бұл туралы не ойлайсыз?