Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Реал» Алматыға аттанар алдында оңбай жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
27.09.2025, 21:40

«Реал» мадридтік дербиде күтпеген жерден ірі жеңіліске ұшырады. «Метрополитано» стадионындағы матчта «Атлетико» қарсыласын ойсырата жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

championat.com
Реклама
Реклама

Матч барысы

Ойын өте нәтижелі өтті. «Атлетико» сапынан 14-минутта Робен Ле Норман баспен соққы жасап есеп ашты. 25-минутта «Реал» форварды Киллиан Мбаппе таразы басын теңестірді. Ал 36-минутта Хаби Алонсоның шәкірттері алға шықты. Түрік Арда Гюлер мергендік танытты. Бірақ бірінші таймға қосылған уақытта Александер Серлот нәтижені 2:2 етті. 

50-минутта «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес пенальтиден алаң иелерінің үшінші голын соқса, 64-минутта айып добын асқан шеберлікпен орындады. 

Қосымша уақытта 90+4-минутта Антуан Гризманн таблода 5:2 есебін тіркеді. 

Маусымдағы алғашқы жеңіліс

Бұл нәтиже «Реал» үшін Испания чемпионатындағы жаңа маусымдағы алғашқы жеңіліс болып тіркелді. Бұған дейін «корольдік клуб» жеңіс жолында келе жатқан еді.
Енді мадридтіктер Қазақстанға жол тартады. 30 қыркүйек күні «Реал» Алматыда «Қайратқа» қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында алаңға шығады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары