Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан құрамасы мен ҚПЛ FIFA ойынында пайда болады

Сарапшы, спорт журналисі
27.09.2025, 23:00

Белгілі блогер және кибер-спортшы Арман Пірманов өзінің әлеуметтік парақшасында танымал футбол ойынына Қазақстан құрамасы кіруі мүмкін екенін айтты.

Қазақстан құрамасы мен ҚПЛ FIFA ойынында пайда болады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Блогердің айтуынша, FIFA (қазір ЕА SPORTS FC) ойынында жақын уақытта Қазақстан құрамасы үлкен сайыстар кезеңінде пайда болады;

“Жігіттер, бұл біздің жеңіс деп санаймыз. Біз Қазақстанның атынын ЕА SPORTS-қа хат жібердік. Былай деп жіберген едік: Біз қазақ командарарын қосқымыз келеді, Чемпиондар лигасына, Әлем чемионатына қатысқымыз келеді, – деп жазған едік.

Бүгін бізге жауабы келді. Иа, сіздер бізге қызықсыздар. Келесі жылдан бастап, қазір турнирлерді істейміз, ҚПЛ, Қазақстан кубогің істейміз, соны істеп болғаннан кейін сіздерге Плей-инге тікелей жолдама беріледі деді.”

Арман бұл біздің үлкен жеңісіміз деп санайды, үлкен арманы орындалуға жақын екенінде жасырмады:

“Жігіттер, бұл үлкен жеңіс. Ақырындап осыған келе жатырмыз. Менің арманым. Тағы бізді мазалайтын сұрақ, Қазақстан командаларын қалай қосамыз, қашан қосамыз деп сұрап жатамыз. Құдай қаласы, осы тіршілікті істеп алсақ, Плейөинге жолдама алып алайық. Келесі жіберетін хатымыз Қазақстан командаларын ойынға қосу. Бұл менің бала кезімдегі арманым. ФИФА, футбол ойнауды жақсы көретін қазақ елінің де арманы деп санаймын” – деді Арман Пірманов.

Естеріңізге салсақ, алматылық “Қайрат” биыл алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан болатын. Әлеуметтік желілерде Кәрі құрлықтың негізгі сайысына шыққандықтан, “Қайрат” ЕА SPORTS FC ойынына қосылады деп айтылған еді. Бірақ, ойынның жаңа маусымы шыққан кезде, алматылық ұжымды ойынға қоспағаны белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір