Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Реал" Алматыдағы ойын алдында тағы бір маңызды ойыншыдан айырылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:00

«Реал Мадрид» қорғаушысы Эдер Милитао «Атлетикомен» өткен Испания чемпионатының жетінші тур ойынында жарақат алды.

"Реал" Алматыдағы ойын алдында тағы бір маңызды ойыншыдан айырылды
Сүрет: ашық дереккөздерден

Оқиға ойынның басында «Атлетико» шабуылшысы Александер Сёрлотпен қақтығыс кезінде болды. Бразилиялық қорғаушы сол жақ тобығын жарақаттап алды, содан кейін оған медициналық көмек көрсетілді.

Деректерге сүйенсек, жарақаттың нақты сипаты мен ауырлық дәрежесі медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Өткен маусымда түрлі жарақаттарға байланысты қорғаушы «Реал» сапында бар-жоғы 18 матчқа шыққан. Ал жаңа маусымда Испания чемпионатында бес ойында және Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Марсельге» қарсы матчта алаңға шықты.

Еске салсақ, 30 қыркүйекте «Реал» Еуропаның басты клубтық турнирінің жалпы кезеңі аясында Алматыда «Қайратпен» кездеседі.

Тағы да айта кетейік, "Реал Мадридтың" үздік ойыншысы "Қайратқа" қарсы жарақатына байланысты алаңға шықпайтын болды. Ол туралы осы сілтемеден өтіп біле аласыздар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір