Реклама
Реклама

«Реал» бүгін Алматыға ұшады

Сарапшы, спорт журналисі
28.09.2025, 16:32

Ұзақ сапардың уақыты нақтыланды.

ru.flightsim.to

Алматыға қашан қонады?

Мадридтің «Реал» клубы Чемпиондар Лигасы аясындағы «Қайратпен» өтетін ойынға Алматыға ұшып келетін уақыт белгілі болды. 

«Испания астанасындағы Адольфо Суарес Барахас халықаралық әуежайынан рейс жергілікті уақытпен 13:30-да көтеріледі. Ұшу уақыты – 8 сағат 20 минут. Кестеге сәйкес футболшылар мінген ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады», – деп жазды дереккөз 28 қыркүйекте.

Алда шешуші матч

Чемпиондар Лигасының «Қайрат» – «Реал» кездесуі 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді.

  • «Қайрат» топтық кезеңді сырт алаңдағы «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңіліспен бастаса,
  • «Реал» өз алаңында француздық «Марсельді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Реклама
Реклама