Екі пенальти «Астананы» ҚПЛ көшбасшысы етті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездесті.

Ойын барысы

Елордалық клуб алғашқы минуттардан-ақ қысым көрсетті. 5-минутта қақпа алдында Назми Грипшині қорғаушылар шалып жықты. Ол пенальтиді өзі орындап, есепті ашты.

Кейін алаң иелері шабуылды күшейтті. Бірақ 81-минутта тағы да өз айып алаңында қолмен ойнау тіркеліп, төреші пенальти белгіледі. Грипши бұл мүмкіндікті де қалт жібермей, дубль авторы атанды.

Қосымша уақытта Әрсен Әшірбек бір гол соғып, айырмашылықты қысқартты. 

Турнир кестесіндегі жағдай

Бұл жеңістен кейін «Астана» 52 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Олар бір ұпай айырмашылығымен «Қайратты» артта қалдырды. Ал «Оқжетпес» 32 ұпаймен жетінші орында тұр.

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Астана» 1:2 (0:1)
Голдар: 
Грипши (пенальти) 5 (0:1), Грипши (пенальти) 81 (0:2), Әшірбек 90+2 (1:2)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір