Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Реал» Алматыдағы қонақүйді толық жалға алды

Сарапшы, спорт журналисі
28.09.2025, 20:35

Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға Алматыдағы ең беделді қонақүйлерінің бірі InterContinental-де тоқтайды.

instagram.com/@realmadrid
Реклама
Реклама

Мадридтік клуб InterContinental қонақүйін таңдады

Клуб ресми мәлімдемесінде футболшылардың дәл осы қонақүйде орналасатынын растады. Қызмет көрсету сервистерінде нөмірлерді брондау мүмкін емес, себебі «Реал» бүкіл қонақүйді толық жалға алғаны айтылады.

«Реал» Алматыға 29 қыркүйекке қараған түні, шамамен 00:50-де қонады. Ұшу уақыты – 8 сағаттан асады. Бұл – клуб тарихындағы ең алыс еурокубоктық сапарлардың бірі.

Алматыға Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем секілді негізгі құрам ойыншылары толық құрамда келеді.

InterContinental қонақүйі жайлы

  • Мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 181, қала әкімдігіне қарсы бетте орналасқан.
  • Халықаралық InterContinental желісі 181 елде жұмыс істейді.
  • Қонақүй 1996 жылы ашылған, ал іргетасы 1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы Тургут Озалдың қатысуымен қаланған.
  • Қонақүйде 11 қабат және 277 нөмір бар.
  • Қашықтығы: әуежайдан – 20 км, Орталық стадионнан – 2,4 км.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары