Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Тарихи ойын»: Оразбахтин «Реалға» қарсы «Қайраттың» дайындығы туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 16:15

«Қайрат» бапкері ертеңгі ойынның ерекше маңыздылығын атап өтті.

Рафаэль Оразбахтин. Фото: ФК "Қайрат"
Реклама
Реклама

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Реал Мадридке» қарсы матч алдындағы команда дайындығы жайлы пікір білдірді.

«Әрине, бұл біз үшін тарихи ойын. Бұл — Қазақстан үшін, клуб үшін, бапкерлер мен футболшылар үшін ерекше матч. Әдеттегі ойын шеңберінен шығып тұр. Ертеңгі кездесуді асыға күтіп отырмыз. Нағыз футбол мерекесі елімізге келді. «Реал Мадрид» сынды ұлы клубтың Қазақстанға келгеніне қуаныштымыз. Ерекше толқу мен үлкен үмітпен матчты күтіп отырмыз», – деді Уразбахтин баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, бапкер испандық клубтың соңғы ойындарына да тоқталды.

«Иә, біз «Атлетикоға» қарсы матчын толық көрген жоқпыз. Бірақ жалпы соңғы бес кездесуін талдадық. Тіпті, «ПСЖ»-мен өткен Клубтық әлем чемпионатындағы ойынын да қарадық. Футболда жеңіліссіз болмайды, бұл – қалыпты құбылыс. «Реал» – тұрақтылығымен ерекшеленетін команда. Соңғы ойында олар тактикасын сәл өзгертті, мүмкін, соған байланысты белгілі бір қиындықтар болған шығар. Әлде алаңға бұрын көп мүмкіндік алмаған ойыншылар шыққан болар. Дегенмен біз олардың жеңісті ойындарын көбірек сараладық. Енді ертеңгі матчта не болатынын бірге көрейік», – деп түйіндеді «Қайрат» бапкері.

Айта кетейік, 29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына мадридтік «Реалдың» жұлдызды құрамы арнайы чартерлік рейспен қонды. Қалаға бірге келгендер қатарында Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем және басқа да әлем футболының жұлдыздары бар.

Тарихи матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары