Adidas жасаған доп ерекше дизайнымен, ұлттық символикаларымен және Connected Ball жүйесімен ерекшеленеді.
FIFA ұйымы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми добын таныстырды. Adidas компаниясы жасаған бұл доп Trionda деп аталады. Таң қаларлығы сол, ол футбол тарихындағы ең инновациялық және стильді доптардың бірі ретінде саналып отыр.
Adidas компаниясы арнайы жасап шығарған доп төрт панельден ғана құралған. Бұл — әлем чемпионаты тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Trionda атауы испан тілінен аударғанда «үш толқын» деген мағына береді. Сонымен қатар АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы бірлікті бейнелейді.
Trionda-ға Connected Ball технологиясы орнатылған. Бұл жүйе алғаш рет 2022 жылғы Қатардағы ӘЧ-де қолданылған болатын.
Жаңа чип:
Осының арқасында төрешілер даулы сәттерде жылдам әрі әділ шешім қабылдай алады.
Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты алдағы жылы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.