Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, елдегі футболшылар мен бапкерлер букмекерлік кеңселерде бәс тігуге де қатысқан.
Қазақстан футболында тағы да үлкен дау шықты. Бас прокурор Берік Асыловтың мәлімдеуінше, елдегі футболшылар мен бапкерлер тарапынан келісілген матчтар ұйымдастыру және букмекерлік ставкаларға қатысу фактілері анықталды. Кейбір клуб ойыншылары тыйымға қарамастан, ондаған миллион теңгені бәс тігуге жұмсаған.
2025 жылы Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясы мен бірқатар клубқа кешенді тексеріс жүргізді. Оның барысында заң бұзушылықтардың ұзын-ырғасы белгілі болды.
«Футболшылар мен жаттықтырушылар еңбек келісімшартында тыйым салынғанына қарамастан, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқан. Мәселен, Ақтөбе қаласында тоғыз футболшы 110 миллион теңгеге бәс тіккен», — деді Берік Асылов.
2 сәуірде Бас прокуратура аталған заңбұзушылықтарды жою үшін ресми түрде Қазақстан футбол федерациясына ұсыныс енгізген.
Федерация тексерістен кейін арнайы «Жол картасын» қабылдады. Оның аясында:
Сонымен қатар, кадрлық шешімдер қабылданды. Федерация әкімшілігінің басшысы, басқарушы директор, заңгерлік, маркетингтік және операциялық департамент директорлары, сондай-ақ қауіпсіздік пен интегрити қызметінің жетекшілері қызметінен босатылды.
Бірқатар басқа жетекшілер төмендетілген лауазымдарға жіберілді.
Қазақстан футболы соңғы жылдары жанжалдардан көз ашпай келеді:
Бұл жағдай футбол жанкүйерлері арасында да үлкен наразылық тудырып отыр.