Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан Кубогының финалы: кім фаворит – "Ордабасы" ма, "Тобыл" ма?

Сарапшы, спорт журналисі

Қызылорда тарихында алғаш рет Қазақстан Кубогының финалы өтпек. Бүгін «Ордабасы» мен «Тобыл» елдегі басты кубокты сарапқа салады. Кімге жеңіс ауадай қажет, ал қайсысы қағаз жүзінде фаворит?

Қазақстан Кубогының финалы: кім фаворит – "Ордабасы" ма, "Тобыл" ма?
KazFootball.kz

Бүгін Қазақстан кубогының 33-финалы өтеді. Финалдық кездесу Қызылордада өткелі жатыр. Бұған дейін шешуші ойындар Алматы, Астана, Шымкент, Тараз және Ақтөбеде ұйымдастырылған болса, биыл Қызылорда қаласы алғаш рет мұндай мәртебелі кездесуді қабылдап отыр.

Матчтың тағы бір ерекшелігі – төреші. Ойынға Швейцариядан келген Свен Вольфенсбергер қазылық етеді. Ол бұған дейін жастар арасындағы Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының іріктеу кезеңдерінде жұмыс істеген.

Қай клубқа кубок ауадай қажет?

«Тобыл» – биылғы маусымда қола медальді мерзімінен бұрын жеңіп алып, келесі жылғы еурокубок жолдамасын қамтамасыз етті. Сондықтан қостанайлықтар үшін бұл кубок – беделді трофей ғана.

«Ордабасы» – керісінше, маусымды сәтсіз өткізді. Конференция лигасының іріктеуінде Грузияның «Торпедосынан» ұтылып, масқара болды. Енді жалғыз мүмкіндік – Қазақстан Кубогы. Егер бүгін жеңілсе, Шымкент клубы еурокубоксыз қалады.

  • Маусым ішінде «Тобыл» екі рет «Ордабасыны» жеңді (1:0 және 3:2).
  • Өткен жылғы финалда да қос клуб жолығып, қостанайлықтар 1:0 есебімен басым түсті.
  • Бір қызығы, сол финалда «Ордабасы» сапында ойнаған Темірлан Ерланов пен Шахбоз Умаров бүгінде «Тобылдың» жейдесін киіп жүр.

Қай команданың жолы ауыр болды?

  • «Тобыл» финалға дейін «Жетісу» (1:0, қосымша уақыт), «Тұран» (2:0) және «Жеңіс» (3:2) клубтарын жарыстан шығарды. Бұл олардың тарихтағы 5-ші финалы. Бұған дейін 2007 және 2023 жылдары Кубок иеленген.
  • «Ордабасы» биыл мықтыларды қиратып келді: «Хан-Тәңірі» (2:0), «Қайрат» (1:0) және «Қызылжар» (1:0, қос ойын нәтижесі). Бұл да олардың 5-ші финалы. Бұған дейін 2011 және 2022 жылдары трофейді жеңіп алған.

Фаворит – «Тобыл». Олар тәжірибесі мол әрі соңғы кезде тұрақты ойын көрсетіп жүр. Бірақ «Ордабасы» үшін бұл соңғы мүмкіндік. Егер жеңілсе, бүкіл маусым зая кетуі мүмкін. Сондықтан алаңда барын салады.

Айта кетейік, матч Қызылорда қаласындағы су жаңа стадионда өтеді. Оның сыйымдылығы 11 мың орын. Кездесу сағат 19:00-де басталады. Жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан да тамашалай алады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір