Биылғы маусымда сыр өңірінің ұжымы тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетуде.
Танымал комментатор және футбол эксперті Ермұхамед Мәулен қызықты ақпарат айтты.
“Инсайд айтайын, келесі жылы “Қайсар” қайтадан легионерлер алады. Облыс әкіміне ұсыныс айтып жатыр екен, әкім көніп тұрған секілді. Келесі жылы барлығы белгілі болады,” – деді Ермұхамед Fonteam подкастында.
Естеріңізге салсақ, биылғы маусымда “Қайсар” тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетіп жатыр. Бұл ҚПЛ тарихында алғаш рет болған жәйт. Соған қарамастан, қызылордалық клуб өз алаңында “Қайрат”, “Тобыл” сияқты клубтардан ұпай тартып ала білді. Маусымның аяқталуына екі тур қалды, “Қайсар” әзірге 20 ұпайммен 12 орында келе жатыр.