Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Мбаппе Қазақстанға жасаған сапары туралы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
07.10.2025, 00:57

Реал Мадрид пен Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппе Қазақстанға барған сапарының қиын болғанын мойындады.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Ол бұл туралы командаласы Арда Гюлердің Instagram парақшасындағы жазба астына пікір қалдырған.

“Kazakhstan’s trip was not easy lil bro” — деп жазды Мбаппе.

Желі қолданушылары футболшының бұл пікірін бірден талқылай жөнелді. Небәрі үш сағат ішінде оның жазбасына 40 мыңға жуық адам лүпіл басқан.

Айта кетейік, 26 жастағы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы ойында хет-трик авторы атанып, мадридтік «Реалдың» рекордтар кітабына енді.

Француз шабуылшысы бір маусымдағы Чемпиондар лигасының алғашқы үш голын соққан клуб тарихындағы тұңғыш футболшы болды. Бұл деректі Opta компаниясы растады.

Бұл маусымда Мбаппе «Реал» сапында 9 ойын өткізіп, 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта Килиан Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары