Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сәтпаевтың ізімен: тағы бір «Қайрат» футболшысы Англияға жол тартуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:35

18 жасар жас футболшы жақында кәсіпқой мансабында алғашқы голын соққан еді.

ФК "Қайрат"
Реклама
Реклама

Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Англияның екінші деңгейлі лигасында көш бастап тұрған «Ковентри Сити» клубы қызығушылық танытты.

Ағылшын клубының скауттары мен бас бапкері, Англия құрамасының бұрынғы жұлдыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард жас қазақстандық футболшыны УЕФА жастар лигасындағы «Спортингке» қарсы өткен ойында (2:3) байқап, ерекше назар аударған. Сол кездесуде Азамат Тұяқбаев дубль жасап, жоғары техникасы мен шабуылдағы шеберлігін айқын көрсетті.

Жас ойыншы жақында Қазақстан Премьер-лигасында «Жетісуға» қарсы өткен матчта (5:0) «Қайраттың» негізгі құрамындағы алғашқы голын соғып, өз әлеуетін тағы дәлелдеді.

Айта кетсек, тоғыз тур қорытындысы бойынша «Ковентри Сити» Англияның екінші дивизионында 19 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал клубтың шабуылшылары Хаджи Райт пен Брэндон Томас-Асанте маусымның үздік үш бомбардирінің қатарына енген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары