Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан бас бапкері Ғалымжан Кенжебекті неліктен ауыстырғанын түсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:35

Ғалымжан оған берілген уақытта дубль авторы атанып үлгерді.

Ғалымжан Кенжебек
Реклама
Реклама

Талғат Байсуфинов Кенжебекті неліктен алмастырғанын айтты:

«Әлі жас. Алда ойындар көп. Қазақта тіл-көз деген нәрсе бар ғой. Содан да сақтау керек.

Максим Самородов бүгін төртінші сары қағазын алып, келесі ойыннан шеттетілді. Сондықтан оны толық ойнатып, Кенжебекті Солтүстік Македониямен болатын матчқа сақтадық. Оразовты да сол себепті ауыстырып тастадық. Ертең жолға шығамыз. Демалысқа уақыт жоқ», – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Естеріңізге салсақ, Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнмен кездесіп, жанкүйерлерін тамаша ойынмен қуантты. Қорытынды есеп 4:0, Қазақстан сапында Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанса, тағы екі голды Бақтиер Зайнутдинов және Әлібек Қасым салды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары