
Өзбекстан құрамасы бүгін Малайзияға жол тартады. Команда Азия сапары аясында Уругвайға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Бас бапкер Фабио Каннаваро алдағы ойынға қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Кувейтпен өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысқан бірнеше ойыншы бұл жолы демалыс алды. Ал олардың орнына жаңа есімдер шақырылды.
Кувейтке қарсы матчқа шақырылған келесі футболшылар бұл жолы құрамда жоқ:
Олардың соңғы бесеуі бапкерлер шешімімен ұлттық құрамадан уақытша шығарылды.
Каннаваро жаңа құрамға Руслан Жиянов («Навбахор») пен Хусейн Норчаевты («Насаф») қосты. Бұл екі ойыншы Уругвайға қарсы матчта өз мүмкіндігін дәлелдеуге тырысады.
Өзбекстан құрамасы бұған дейін жолдастық матчта Кувейтті 2:0 есебімен тізе бүктірген.