Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнмен кездесіп, жанкүйерлерін тамаша ойынмен қуантты.
Қазақстан алғашқы минуттардан-ақ қарсыластың қақпасына қысым көрсетті. 26-минутта Ғалымжан Кенжебек қақпа маңынан алыстан тепкен керемет соққысымен есеп ашты.
Араға екі минут салып, Кенжебек тамаша паспен Бақтиер Зайнутдиновты гол соғуға мүмкіндік берді.
Тайм соңында Лихтенштейн ойыншылары бір гол соғуға жақын болғанымен Әлібек Қасым қақпа сызығынан допты шығарып, аман сақтап қалды.
Ойынның екінші бөлігінде де қазақстандықтар толық үстемдік танытты. 59-минутта Кенжебек тағы да жарқ етіп, қарсыластың қақпасына әдемі гол соқты.
81-минутта қорытынды нүктені Әлібек Қасым қойды — 4:0.
13 қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.