
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы таймда-ақ қарсыласын қыспаққа алып, Ғалымжан Кенжебектің керемет соққысымен есеп ашты.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейн командасын қабылдап, матчтың 26-минутында есеп ашты.
Ортаңғы аймақтан басталған шабуыл кезінде Ғалымжан Кенжебек қарсыластың айып алаңынан сәл сыртта тұрып, керемет соққы жасады — доп тура тоғыздыққа дәл тиді.
Араға 2 минут салып, Бақтиер Зайнутдинов таблодағы есепті еселеді. 2:0. Осылайша, ұлттық құрама сапында салған голдар саны бойынша өз рекордын жаңартты.
Қазақстан құрамасы бұл кездесуге келесі құраммен шықты:
Сейсен, Каиров, Қасым, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Қуат, Самородов, Оразов, Кенжебек, Чесноков.
Бұл матч алдында Қазақстанның еншісінде үш ұпай, ал Лихтенштейннің есебінде бірде-бір жеңіс болмаған. Бұған дейін екі команда арасындағы алғашқы ойында қазақстандықтар сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.