
Италияның беделді La Gazzetta dello Sport басылымы ұлттық құрамаларды жаттықтыратын ең жоғары жалақы алатын 10 бапкердің тізімін жариялады.
Рейтингтің көшін Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти бастап тұр. Оның жылдық табысы 9,5 миллион еуро.
Төртінші орында тағы бір италиялық маман — Фабио Каннаваро. Ол қазір Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарады және жылына 4 миллион еуро табыс табады.
Бұл сома Италия құрамасын жаттықтырып жүрген Дженнаро Гаттузоның еңбекақысынан бес есе көп. Итальяндық БАҚ-тың мәліметінше, Гаттузоның жалақысы жылына 800 мың еуро. Ал әлем чемпионатына жолдама алса, қосымша 1 миллион еуро бонус алады.
Каннавароның табысы сондай-ақ Португалия құрамасының басшысы Роберто Мартинеспен тең.