Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қашкеннің еш кінәсі жоқ": Белгілі комментатор

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:45

Жауап беретін тұлға Қашкен емес, бас бапкер.

Спортшының әлеуметтік желісінен
Реклама
Реклама

Белгілі спорт журналисі Бексұлтан Кеулімқос “Жетісу” қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ұлттық құрамаға шақырту алған Қашкеннің еш кінәсі жоқ.

“Қашкен туралы айту керек деп ойлаймын. Шыны керек, аяп кеттім ол жігітті, қатты хейтке ұшырады. Дінмұхаммед Қашкеннің еш кінәсі жоқ. Оны шақырған Талғат Байсуфинов. Шақырғасын, әрине келісті. Бұл жерде басты жауапты тұлға – Талғат Байсуфинов. Неше түрлі пікір болды. Неше түрлі әзіл болды, бірақ басты жауапты – бас бапкер,” – деді Бексұлтан Кеулімқос Fonteam youtube-арнасында.

Естеріңізге салсақ, Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнмен кездесіп, жанкүйерлерін тамаша ойынмен қуантты. Қорытынды есеп 4:0, Қазақстан сапында Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанса, тағы екі голды Бақтиер Зайнутдинов және Әлібек Қасым салды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары