Олжас Байбосын жанкүйерлерге қызықты ақпарат айтты.
Футбол жанкүйерлерінің қызу талқылауына себеп болған жайт — «Жетісу» қорғаушысы Дінмұхамед Қашкеннің ұлттық құрамаға шақырылуы. Осы сұрақ Fonteam youtube-арнасында да сөз болды.
Не себепті Қашкен шақырту алды деген сұраққа Олжас Байбосын былай жауап берді:
“Мысалға, осындай сұрақ қоюға болады. Ол “Монакода” ойнады ма? “Атлетико” сапында ойнады ма? Сағаты өте қымбат па? (бұл сұраққа Ерсін Ерік бір миллиардқа жуық деп жауап берді), көлігі өте қымбат па? Өте байдың баласы ма? Бәлкім сондай себеппен шақырылған шығар,” – деді Олжас Fonteam youtube-арнасында.
Естеріңізге салсақ, Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнмен кездесіп, жанкүйерлерін тамаша ойынмен қуантты. Қорытынды есеп 4:0, Қазақстан сапында Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанса, тағы екі голды Бақтиер Зайнутдинов және Әлібек Қасым салды. Ал Қашкен болса, бұл ойында алаңға шықпады.