Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Құрамадағы кейбір футболшылар еркелейтін болған": Ерсін Ерік

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:21

Айып добын тебетін сәтте футболшылар арасында түсініспеушілік пен талас та туа бастаған.

Қазақстан ұлттық құрамасы
Реклама
Реклама

Белгілі комментатор Ерсін Ерік ұлттық құрамадағы ішкі атмосфераның жақсы емес екенін айтып өтті.

“Ұлттық құрамаға артық футболшыларды шақыру ішкі атмосфераны бұзады. Мысалға, айып добын тебетін кезде кішкене талас болып қалды. Ақыры Самородов тепті, бірақ соға алмады. Кейбір футболшылар қазір мінез шығарған, еркелейді, мінез көрсеткісі келеді. Көпке өнеге болғысы келеді, авторитетін ойнатқысы келеді. Шетелде ойнайтын футболшылар бар, Ресейде ойнайтын. Осының барлығы ойынға әсер етеді. Мысалға, Лихтенштейнге қарсы бірінші минуттан ойынды қолымызға алып алдық, бірақ креатив жоқ, алыстан көп теуіп жүрдік. Тек Кенжебектің жеке шеберлігі біздің тынысымызды ашты, әйтпесе сол темппен жүре беретін едік,” – деді Ерсін Ерік Fonteam youtube-арнасында.

Десекте, Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнмен кездесіп, жанкүйерлерін тамаша ойынмен қуантты. Қорытынды есеп 4:0, Қазақстан сапында Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанса, тағы екі голды Бақтиер Зайнутдинов және Әлібек Қасым салды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары