Кюрасао әлем чемпионаты тарихында ең кішкентай мемлекет болмақ.
Танымал нидерландтық маман Дик Адвокааттың шәкірттері КОНКАКАФ аймақтық іріктеу кезеңінде топтың басты фавориті саналатын Ямайканы 2:0 есебімен тізе бүктірді. Осы нәтижеден кейін Кюрасао үш турдан соң бірінші орынға көтерілді.
Егер аралдықтар 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алса, Кюрасао мундиаль тарихындағы ең кішкентай мемлекет атанбақ.
Салыстырмалы түрде алғанда, қазіргі рекорд 2018 жылғы әлем чемпионатында ойнаған Исландияға тиесілі болатын:
15 қазан күні Кюрасао құрамасы Тринидад және Тобагоға қарсы матч өткізеді. Егер Дик Адвокааттың командасы осы ойында да жеңіске жетсе, онда Кюрасао 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуға бұрынғыдан да жақындай түседі.
Айта кетейік, дәл осы Тринидад және Тобаго 2006 жылғы Германиядағы әлем чемпионатында ойнап, шағын мемлекеттер арасындағы рекорд иесі болған еді.
Кюрасао 19 наурызда Қазақстан құрамасына жолдастық матчта 0:2 есебімен жол берген. Сол кезде біздің команда сапында Максим Самородов пен Асхат Тағыберген көзге түсті.