"Чебуринның тұмары": Литвалық маман Қашкеннің шақырту алғанын күлкі қылды
Литвалық жанкүйерлер Қашкенді Чебуринның тұмары деп атаған екен.
Литвалық комментатор әрі TV3 журналисі Мантас Красницкас Sports24.kz-ке берген сұхбатында Дінмұхамед Қашкеннің Қазақстан құрамасына шақырылуына қатысты өз әсерін айтты.
«"Жальгирис" сапында Қашкен алаңға шыққан жоқ — адамдар оны тек Чебуриннің тұмары деп әзілдейтін. Мен тіпті оның кеткен соң мансабын аяқтайды деп ойлаған едім, себебі ол Литва чемпионатының деңгейіне де сай келмейтін. Ал Дінмұхамедтің ата-анасы бай болғандықтан оның футболды жай ғана хобби ретінде көретіні байқалатын», – деді сарапшы.
Айта кетейік, Талғат Байсұфинов 25 жастағы «Жетісу» қорғаушысын 2026 жылғы ӘЧ-ның іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы матчқа (4:0) шақырған болатын. 13 қазанда ол ұлттық құрама сапында Солтүстік Македонияға қарсы ойында дебют жасауы мүмкін.
Ағымдағы маусымда Қашкен 13 матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.