Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық миллиардердің клубы Англияда жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:44

Ағылшын лигасы 1 чемпионатының (елдегі үшінші деңгейлі турнир) 12-турында «Уиком Уондерерс» командасы сырт алаңда «Уиганды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. 

wiganathletic.com
Реклама
Реклама

«Уиком Уондерерс» сырт алаңда сенсация жасады

Матчтың жалғыз голын 35-минутта Сэм Белл соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады. Осы нәтижеден кейін «Уиком Уондерерс» 12 ұпаймен турнир кестесінде 19-орында тұр, ал 13 ұпай жинаған «Уиган» 17-сатыға жайғасқан.

Клуб иесі — Михаил Ломтадзе

Айта кетсек, «Уиком Уондерерс» клубының иесі — қазақстандық кәсіпкер және миллиардер Михаил Ломтадзе. Ол 2024 жылдың мамырында ағылшын клубының бақылау пакетін сатып алғаны ресми түрде жарияланған.

Клубтың мәлімдемесіне сәйкес, Ломтадзе басқаратын компания команданың 90 пайыз акциясына иелік етеді. Бұл оқиға қазақстандық бизнес өкілдерінің еуропалық футболға қатысуындағы жаңа белес ретінде бағаланған еді.

Михаил Ломтадзенің келуімен клубтың қаржылық және спорттық әлеуеті артып келеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары