Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қашкенге қарсы хейт өршіді, ал футболшының жауабы таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Дінмұхамед Қашкен ұлттық құрамаға шақыртудан кейінгі хейтке жауап берді. 

Қашкенге қарсы хейт өршіді, ал футболшының жауабы таңғалдырды
sportiline.kz

«Хейт әрқашан болады» — Қашкен сынға сабырмен қарады

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Динмұхаммед Қашкен жанкүйерлер тарапынан келген сын мен хейтке қатысты өз пікірін білдірді. 

Футболшының мәлімдемесі «Qazsport» телеарнасының комментаторы Айбек Намазбай Instagram парақшасында жариялаған видеода айтылды.

«Хейт туралы айтсам... Ол әрқашан болады. Бұл — қалыпты жағдай. Әр адамның өз пікірі бар. Мен мұның бәріне сабырмен қараймын және өз ойыныммен дәлелдеуге тырысамын. Маған мүмкіндік берілсе, иншаАлла, сол сенімді ақтауға тырысамын.

Бас бапкер маған үлкен аванс берді деп ойлаймын. Талғат Мәруанұлы мені алғаш рет Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырған. Ол кезде менің жасым 22-де еді. Бұл жолы да сенім білдіріп отыр — енді барымды саламын», — деді Қашкен.

Ұлттық құраманың сенімін ақтау — басты мақсат

Қашкеннің сөзінше, ол үшін басты мотивация — жанкүйерлердің емес, жаттықтырушының сенімін ақтау. 25 жастағы қорғаушы соңғы жылдары ішкі біріншілікте тұрақты ойнап, Қазақстан құрамасына алғаш рет толық құраммен қосылғандардың қатарында.

Футболшының ұлттық құрамаға шақырылуы әлеуметтік желілерде түрлі пікір тудырды. Бір бөлігі оның шақырылуын құптаса, енді бірі ойын тәжірибесі жеткіліксіз деп санаған. Алайда Қашкеннің сабырлы жауабы жанкүйерлер тарапынан қолдау тапты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір