Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстан – Қазақстан матчы тағдырын жалғыз гол шешті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Өзбекстан (U-20) жасөспірімдер құрамасымен Ташкентте жолдастық кездесу өткізіп, минималды есеппен жеңіліп қалды. 

Өзбекстан – Қазақстан матчы тағдырын жалғыз гол шешті
Instagram/@kff_team

Жеңісті қолдан шығарып алды

Матч Өзбекстан астанасында өтіп, негізгі уақыт 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бірінші таймда командалар бір-бірінің қақпасын дәл таба алмады. Ал шешуші сәт екінші таймның соңында болды.

84-минутта өзбек футболшысы Фирдавс Абдурахмонов қазақстандық қорғаушының қателігін пайдаланып, допты қақпаға дөп бағыттады. Осы гол ойын тағдырын шешіп, есеп өзгеріссіз қалды.

Екі құраманың екінші ойыны 14 қазан күні тағы да Ташкентте өтеді.

Үш ойындағы сәтсіздік

Бұл жолғы сәтсіздік қазақстандық жастар үшін қатарынан үшінші жеңіліс болды. Бұған дейін олар Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңінде Андорраға (0:1) және Англияға (0:2) есе жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір