Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ел футболындағы 12 жылдық үстемдік құлады

Сарапшы, спорт журналисі
12.10.2025, 21:54

Қазақстан әйелдер футболының жаңа тарихы жазылды. «Ақтөбе» 12 жыл бойы ел біріншілігінде үстемдік еткен «БИІК-Қазығұрттың» гегемониясына нүкте қойды.

Instagram/@fcaktobewomen
Реклама
Реклама

«Ақтөбе» — 2025 жылғы Қазақстан чемпионы!

Бұған дейін 2012 жылы алтынды алматылық «СШВСМ–Қайрат» иеленген. Сол жылдан бері шымкенттік команда чемпиондық атақты ешкімге бермей келген еді.

Биылғы маусымның шешуші сәті 26-турда анықталды. Барлық ойын бір уақытта басталып, тартыс қыза түсті.

Егер «Ақтөбе» «Астана» клубынан ұтылып қалса, «БИІК-Қазығұрт» кезекті мәрте чемпион атанар еді. Бірақ ақтөбелік арулар өз мүмкіндігін жібермей, ел чемпионы атанды.

Үшінші орын мен қола медаль Түркістанның «Томирис-Тұран» клубына бұйырды.

Маусым бомбардирі — Алина Литвиненко

Жекелей көрсеткіштер бойынша «Актөбе» шабуылшысы Алина Литвиненко маусымның нағыз жұлдызы атанды. Ол 72 гол соғып, қарсыласы — «БИІК-Қазығұрттың» грузин шабуылшысы Гульнара Габелиядан небәрі екі допқа озып шықты (70 гол).

Үздік үштікті тағы бір «Ақтөбе» ойыншысы — ресейлік Наталья Нурмиева түйіндеді (37 гол).

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары