Мәскеулік "Динамо" қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов "Ахматқа" қарсы ойында жарақатына байланысты 1 тайм ғана ойнай алды.
Мәскеудің «Динамо» клубының бас директоры Павел Пивоваров «Ахматқа» (2:2) қарсы өткен Ресей Премьер-лигасының 12-тур ойынында жарақат алған ойыншылар Бақтиер Зайнутдинов пен Антон Миранчуктың жағдайы туралы айтты.
«Зайнутдинов пен Миранчук жарақат алды. Олардың нақты қалпына келу мерзімі кейін белгілі болады», — деді Пивоваров.
Миранчук жарақат алып, матчтың 44-минутында алаңнан кетті, ал Зайнутдинов үзілістен кейін ауыстырылды.
Қазіргі таңда «Динамо» мен «Ахмат» РПЛ турнирлік кестесінде сегізінші және тоғызыншы орындарды бөлісіп тұр. Екі команданың да 12 турдан кейін 16 ұпайдан бар.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов — Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген. 13 қазанда ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен өткен сырттағы ойында (1:1) командасына сенсациялық тең нәтижеге қол жеткізуге көмектесті.