
Нидерландылық бұрынғы футболшы Ройстон Дренте ауыр жағдайға тап болды. 38 жастағы экс-ойыншы инсульт алғаны хабарланды.
Дренте соңғы уақытта Нидерландияның әуесқой лигасындағы "De Rebellen” клубының сапында өнер көрсетіп жүрген болатын. Клубтың ресми мәліметінше, футболшының жағдайы жұма күні күрт нашарлаған.
"Қазір Ройстон ауруханада жатыр, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер оның жағдайын мұқият бақылауда ұстап отыр." – делінген клубтың мәлімдемесінде.
Ройстон Дренте футбол жанкүйерлеріне Еуропадағы бірнеше беделді клубтардағы ойынымен жақсы таныс. Ол өз карьерасында:
Жарқын дриблинг пен жылдамдығымен танылған Дренте бір кездері Еуропаның ең талантты жас ойыншыларының бірі саналған.