Ағылшын Премьер-лигасының 8-турында «Энфилд» стадионында өткен кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды.
«Ливерпуль» өз алаңында басты қарсыласы «Манчестер Юнайтедті» қабылдады. Кездесудің фавориті болып саналған қожайындар матчты сәтсіз бастады. Екінші минутта Брайан Мбемо есеп ашып, «қызыл сойқандарды» алға шығарды.
Екінші таймда «Ливерпуль» қысымды күшейтіп, 78-минутта Коди Гакпо таразы басын теңестірді. Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. 84-минутта Харри Магуайр гол соғып, «Манчестер Юнайтедке» шешуші жеңіс сыйлады.
Осы нәтижеден кейін «Ливерпуль» турнирлік кестеде төртінші орынға түсіп, активінде 15 ұпай қалдырды. Ал «Манчестер Юнайтед» 13 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді.
Айта кетейік, бұл жеңіліс мерсисайдтық клуб үшін барлық турнирлердегі төртінші қатарынан жеңіліс болды — команда соңғы аптада күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр.