Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ҚПЛ чемпионы Алматыда анықталады

Сарапшы, спорт журналисі

Премьер-лиганың соңғы турында елордалық "Астана" клубы алматылық "Қайратқа" қонаққа барады. Дәл осы ойында биылғы маусымның жеңімпазы анықталады. 

Қазақстан Премьер-Лигасының 25-турында «Астана» клубы «Ақтөбені» 5:3 есебімен жеңді. 

Турдың басты кездесуі елордадағы «Астана Аренада» өтті. Ойынға Батыс Қазақстаннан шақырылған төреші Болат Сариев бастаған қазылар алқасы қызмет етті.

Матч басталардан бұрын-ақ бұл ойынды маусымның хиті деп атағандар көп болды, ал алаңдағы тартысты ойын бұл пікірді толық растады.

  • «Астана»: Чондрич, Шомко, Марочкин, Калаица, Бартолец, Эбонг, Башич, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду
  • «Ақтөбе»: Влад, Танжариков, Анджелкович, Кусяпов, Қасым, Қайров, Агбо, Жуков, Думбия, Жан, Соса

Бірінші тайм – алты гол

Ойын бірден жоғары қарқынмен басталды. Алғашқы таймда екі команда алты гол соғып үлгерді.

  • 10-минут – Джеффри Чинеду есеп ашты (1:0)
  • 13-минут – Жауро Жан таразы басын теңестірді (1:1)
  • 21-минут – Усман Камара «Астананы» қайта алға шығарды (2:1)
  • 34-минут – Чинеду дубль авторы атанды (3:1)
  • 40-минут – Даниэль Соса айырманы қысқартты (3:2)
  • 45+2-минут – Назми Грипши пенальтиден дәл соғып, командаларды үзіліске шығарды (4:2)

Екінші тайм

Үзілістен кейін «Ақтөбенің» қақпасына Игорь Трофимец шықты, бірақ бұл матч тағдырын өзгерте алмады.

  • 50-минут – Чинеду хет-трик жасап, матч жұлдызына айналды (5:2)
  • 62-минут – Артур Шушеначев әдемі өкшемен гол салып, есепті қорытындылады (5:3)

Тағы бір айта кетерлік жайт, бүгінгі мачт ҚПЛ тарихындағы ең көп жанкүйер жиналған ойын болды. «Астана Аренаға» 28 211 көрермен келді.

Турнир кестесі

Жеңістен кейін елордалық команда 56 ұпаймен екінші орында келеді. Көшбасшы «Қайраттан» небәрі екі ұпайға ғана артта. Ал «Ақтөбе» 42 ұпаймен бесінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір