Нұралы Әліп ресейлік "Зенитке" жеңіс әкелді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Ресей Премьер-лигасының 12-туры аясында «Зенит» «Сочиді» 3:0 есебімен жеңді.

Нұралы Әліп ресейлік "Зенитке" жеңіс әкелді (ВИДЕО)
Нұралы Әліп

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Нұралы Әліп 12-минутта гол соғып, есеп ашты. Кейін Густаво Мантуан мен Андрей Мостовой пенальтиден қақпа торын тулатты.

Осылайша 12 ойында 23 ұпай жинаған Санкт-Петербургтің ұжымы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Әліп бастаған команда келесі турда құрамында Бақтиер Зайнутдинов бар Мәскеудің «Динамосымен» күш сынасады.