Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Роберт Левандовски мансабын Мадридте жалғастыра ма?

Сарапшы, спорт журналисі

«Барселона» Роберт Левандовскимен келер жазда аяқталатын келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Роберт Левандовски мансабын Мадридте жалғастыра ма?
Роберт Левандовский

Осыған байланысты 37 жастағы шабуылшыға «Атлетико Мадрид» қызығушылық танытуда. Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, мадридтік клубтың бас бапкері Диего Симеоне тәжірибелі польшалық форвардты өз командасының шабуыл шебін күшейту үшін шақырғысы келеді.

Симеоне Левандовскидің мол тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері «Атлетиконың» ойын стиліне мінсіз үйлеседі деп есептейді. Клуб поляк ойыншысын еркін агент ретінде қатарына қосып алуды жоспарлап отыр, бұл өз кезегінде мадридтіктерге айтарлықтай қаржылық артықшылық береді. Осы маусымда Роберт жеті ойынға қатысып, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Дегенмен оның «Барселонадағы» болашағы бұлыңғыр күйде қалып отыр. Клуб басшылығы жас шабуылшыларға көбірек мүмкіндік беруді көздеп, жалақы қорын қысқартуға тырысып жатыр.

Естеріңізге салсақ, осындай бағытта осыдан бірнеше жыл бұрын уругвайлық шабуылшы Луис Суарес өткен. Сол кезде Луис “Атлетико” қатарына қосылып, Ла Лига кубогын жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір