ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Елдос Ахметов - "Ақтөбенің" бес қорғаушы жүйесіне өткені қате болды"

Осы маусымда тек 4 қорғаушымен ойнап келген "Ақ-қызылдар" кешегі ойында жүйесін өзгертіп жіберді.

Қазақстан құрамасының бапкері Елдос Ахметов 25-ші тур асында өткен “Астана” – “Ақтөбе” ойыны туралы пікір білдірді.

“Негізі ойы барсы жақсы әрі тартысты басталды. Бірақ маған ұнамағаны: “Ақтөбе” 4 қорғаушыдан 5 қорғаушы жүйесіне ауысты. Ойын басталмай жатып, бес қорғаушымен шығу – ұтыңғы позиция. Иә, әрине, “Астана” мықты ұжым, шабуылшылары мықты. Биылғы маусымда 4 қорғаушымен ойнап келе жатып, беске ауысқаны дұрыс болмады, себебі қорғаушылар бір біріне сеніп қалады. Бір біріне сеніп, қорғаушылар, доп кімдікі екенін түсінбей жатты,” – деді Елдос Ахметов Fonteam youtube-арнасында.

Естеріңізге салсақ, 25-ші турдың орталық ойынында “Астана” өз алаңында “Ақтөбені” 5:3 есебімен жеңе білді. Нәтижесінде чемпиондыққа талас соңғы ойында шешілетін болды. Ал “Ақтөбе” болса еурокубокке талас жолында өз позициясын нашарлатып алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.