Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Түркістандық жанкүйерлерге обал - Олжас Байбосын

Сарапшы, спорт журналисі

"Тұран" ФК ҚПЛ-дегі жорығын аяқтады 

Белгілі футбол комментаторы Олжас Байбосын түркістандық клубтың ҚПЛ-ден ұшып кеткені туралы пікір білдірді:

“Түркістандық жанкүйерлерге обал болды. Кеше ойыннан кейін айтып отыр, ҚПЛ-де қаламыз деп. Шынымен осындай стадионы бар, жанкүйерлері бар клуб енді Бірінші лигада ойнайды.”

instagram/@fc.turan

Журналистің айтуынша, келер жылдан бастап Түркістан облысынан бір ғана кәсіби клуб қалады:

“Түркістан облысының әкімі қаулы шығарды. Келер жылы барлық түркістандық клубты жауып, Бірінші лигада тек “Тұран” ойнайды. Қалған клубтар: “Түркістан”, “Мақтаарал”, “Арыс” және “Жетісай” жабылады. Қаражат тек балалар футболына бөлінеді, ол сома 50 миллионнан аспауы қажет. Ал футбол ойнап жүрген жастар енді мақта тереді, мал бағады, құрылысқа кетеді. Қаншама жас баланың футболшы боламын деген арманы үзіледі,” – деді Олжас Байбосын Fonteam youtube-арнасында.

Еске салсақ, “Тұран” биылғы маусымды жақсы бастап, екінші айналымға дейін қаражат мәселесінен барлық легионерді таратып жіберді. Олармен қоса бапкерлік штаб та кетіп қалды. Ақыры клуб тез арада жас ойыншыларды құрамға қосты. Соңғы орынға түсіп қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір