Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Темірлан Анарбековтің трансферлік құны күрт өсті

Сарапшы, спорт журналисі
06.11.2025, 20:58

Беделді Transfermarkt сайты Қазақстан Премьер-лигасы ойыншыларының жаңартылған құнын жариялады.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Маусымның басты кейіпкері — Анарбеков

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің трансферлік құны 200 мың еуроға өсті. Қазір оның жалпы бағасы 400 мың еуро. Бұл — 2025 жылғы 17 маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 50 пайыздық өсім деген сөз.

Биылғы маусым Темірлан Анарбеков үшін ерекше табысты болды. Ол «Қайраттың» негізгі қақпашысына айналып, командаға Қазақстан чемпионатындағы шешуші кездесулерде және УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарында зор үлес қосты.

Футболшының есімі ел ішінде ерекше танымал болған сәт — «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы тарихи матч. Сол ойында Анарбеков пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, алматылық клубқа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама сыйлады.

Сондай-ақ 26-турда өткен «Астанаға» қарсы чемпиондық кездесуде (1:1) командасын жеңістен айырмай, «Қайраттың» ел чемпионы атануына себепші болды.

Италиядағы ойын — жаңа биікке жол

Өткен түні өткен Чемпиондар лигасының төртінші турындағы «Интер» — «Қайрат» (2:1) кездесуінде Темірлан Анарбеков негізгі құрамда алаңға шықты. Қақпашы алты сейв жасап, тағы да өз шеберлігін дәлелдеді.

Бұл матчтан кейін футбол сарапшылары мен жанкүйерлер оның ойынын жоғары бағалап, Еуропа клубтарының назарын өзіне аударғанын атап өтуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары