Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қазақстанға өз ойын стилі қажет» - Талғат Байсуфинов

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:02

Бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойын жоспарын айтып өтті.

Талғат Байсуфинов. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

"Бірінші бол" арнасына берген сұхбатында тәжірибелі бапкер Қазақстан құрамасының өзіндік стилі болу керек екенін алға тартты:

"Өз бапкерлік штабымыздың арасында келісіп, максималды нәтижеге таласамыз деп шештік. Ол жігіттер үшін тек қосымша мотивация болады. Алдында айттық қой, бізге ойын тұрақтылығы қажет. Біз бір ойынды ғана есепке алмаймыз. Сол ойынмен біздің құрамамыз тоқтап қалмайды. Бізге Қазақстан құрамасының өз стилі, өз ойыны керек. Соны қалыптастыру қажет", - деді Талғат Байсуфинов.

Естеріңізге салсақ, Талғат Маруанұлы ұлттық құрама тізгінін үшінші рет басқарып отыр.

Байсуфиновтың басқаруымен ұлттық құрама футболшылары алдымен Лихтенштейн ойыншыларын 4:0 есебімен тас-талқан етсе, келесі ойында Солтүстік Македониямен сырт алаңда тең түсті, 1:1.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары